Келер оқу жылы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін

Келер оқу жылы 2 аптаға ұзартылуы мүмкін

Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылы мерзімі екі аптаға ұзартылуы мүмкін. Осылайша күнделікті өткізілетін сабақтар қысқарып, жүктеме азаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жоба бескүндік оқу аптасына көшуге, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқынын бәсеңдетуге және білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жазғы демалыс күндері екі аптаға қысқарады. «Бұл білім алушылардың өткен жылғы білімін ұмыту немесе каникул кезінде шамадан тыс жұмыс істеу сияқты тәуекелдердің алдын алады», – дейді министрліктегілер.