Маңғыстау облысында мектептерде қауіпсіздік күшейтілді

Маңғыстау облысында 181 мектепке 4 мыңнан астам бейнекамера қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Полиция басқармасының мәліметінше, 154 мектеп жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерге қосылған. Бұдан бөлек, дабыл қондырғысы орнатылып жатыр. Жалпы биыл облыста оқушы саны артты. 1-сыныпқа 20 мыңнан астам бала қабылданды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 мыңға көп. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап,  мектептер 5 күндік білім беруге ауысып жатыр.