Шымкентте білім грантына ие болғандардың көбі техникалық мамандықты таңдаған

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне қабылданған 5 мың студенттің жартысынан көбі мемлекеттік грант иегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектептің дарынды түлегі мен ерекше санатындағылар да жоғары оқу орнын тегін оқуға мүмкіндік алды. Білім күніне орай өз шәкірттерін салтанатты жағдайда құттықтаған оқу ордасы концерттік бағдарлама әзірледі. Экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындармен екі жақты меморандум өз күшінде екенін айтты. Студенттер теориялық алған білімін тәжірибе жүзінде шыңдай алады. Көбіне техникалық мамандықтарға сұраныс артқан. Сондай-ақ педагогикалық бағытты таңдаған студенттердің де қатары қалың.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

Біз де доктарантураға 100 адам тапсырып отыр. Яғни мемлекеттен берілген тапсырманы біз орындадық. Сонымен қатар мен ерекше айтқым келеді ПОЗ доктарантура ашылды бірнеше мамандықтар бойынша. Осыған өзіміздің студенттеріміздің тарапына үздіксіз оқу бағдарламасын жүзеге асырып отырмыз.

Диана Батырова, студент:

ҰБТ жоғары балл жинап, өз мектебімнің мақтанышы болдым. Осы грантқа түсіп, бүгін көптеген достармен таныстым, жаңа достар таптым. Мен шынымды айтсам өте қуаныштымын.