Жетісу облысы Шежін ауылында мектеп құрылысы кешігіп жатыр

Жетісу облысының Панфилов ауданына қарасты Шежін ауылында салынып жатқан мектеп осы айда пайдалануға берілуі керек еді.

Жылдың аяқталуына санаулы күн қалса да құрылыс әлі жүріп жатыр. Тұрғындар 900 млн теңгеден аса қаражат бөлінген нысан бекітілген уақытында бітпей қала ма деп алаңдайды. Тақырыпты тілші тарқатады.

Сыңғырлаған қоңыраудың жаңа мектепте соғылуын оқушылар мен ұстаздар қауымы тағатсыздана тосып жүр. Себебі 1936, 1983, 2003 жылдары жапсарлатып салынған ғимараттың әбден тозығы жеткен. Өткен ғасырда тұрғызылған бөлігінің қабырғасы құлай бастады. Ол жаққа ешкім кірмегенімен жүзге жуық бала аядай алты кабинетте білім алып отыр.  

Бағила Қадырқұлова, мектеп директорының орынбасары:

- Қазіргі уақытта қысылтаяңда оқып жатырмыз. Негізгі пәндерден лабараториялық зерттеу кабинеттері жоқ. Дегенмен де оның бәрін проектормен ноутбукпен, проектормен тақтамен жұмыс істейміз. Түстен кейінгі факультативті сағаттар, қосымша сағаттар соған бізде кабиенттер жетіспейді. Скл Енді қосымша сағаттар мен  факультатив сабақтарын кітапханада өткізеді. Сағат сағатпен бөліп қойғанбыз.

60 орынды мектеп құрылысын жоспарлау кезінде қате кеткен. Яғни бастапқыда білім ордасының бір бөлігін ауылды селден қорғайтын арықтың үстіне салу көзделіпті. Жобадағы кемшілікті ретке келтіріп, құжаттамасын қайта жасау қолбайлау болды, -дейді мердігер мекеме өкілі. 

Дәурен Ақтамов, мердігер мекеме өкілі:

- Басында проектісі дұрыс болмай қалды да соны төрт ай күту керек болды. Соны күту керек болды. Спортзалын өзгерту керек болды. Схемаларға өзгеруіне байланысты кішкене тұрып қалдық. Былай ақша жағынан еш кемшілік жоқ. Уақытымен келіп жатыр. Материал  жағынан еш кедергі жоқ. Балалар қазір екі смен жұмыс істеп жатыр.Отопление қосылған. 

Жауаптылар құрылысты уақытында аяқтау үшін жетпістен аса адамды жұмылдырып отыр. Олар ғимаратты тұрғызып, қар суына арналған арықты тереңдетіп, бекіткен. Қазір құрылысшылар нысан ішін сылап сырлап  жатыр.

Дәурен Тұрғанбаев, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Қыркүйек айынан бастап құрылыс басқармасымен істелген жұмыстарға қаражаттар мердігер мекемеге төленуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі биылғы жылдың соңына дейін.  Қазіргі уақытта мердігер мекемемен 92 пайыз жұмыстар атқарылды. Нысан жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. 

Саладағылардың сөзінше Шежін ауылының оқушылары үшінші тоқсанды жаңа мектепте бастайды. Ал ауланы абаттандыру, асфальт төсеу  келесі жылдың көктеміне қалдырылмақ. 

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов