Жаңақорғанда екі мектеп пен балабақша ел игілігіне берілді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 600 және 300 оқушыға арналған 2 мектеп пайдалануға берілді.

Одан бөлек Бірлік ауылының  90 бүлдіршіні жаңа балабақшаға барды. Бөбекжай құрылысына жергілікті бюджеттен 367 миллион теңге жұмсалған. Қазіргі таңда, өңірде

2 мен 6 жас аралығындағы балалардың 85,6%-і балабақшамен қамтылған. Жалпы жыл басынан бері 19 балабақша, 6 мектеп, оқушылар үйі мен өнер мектебі ел игілігіне тапсырылды. Алдағы 3 жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 білім беру нысаны салынып, облыста апатты және 3 ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады.

Ғалымжан Рүстемов, Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Қанша жылдар бойы аңсаған мектебімізге кіріп жатырмыз. Оқушылар қанша жылдан бері ескі 40-жылы соғылған мектепте я спорт зал, я акт залы, асхана болмаған. Қазір керемет спорт, акт залы мен асханасы бар мектепке қол жеткізіп жатырмыз. 1400-ге жуық бала оқиды қазір. 2 ауысымға толық сиямыз. Кабинеттер жабдықталған. Оқушыларымыз қуанышты, ата-аналар қатты қуанып жатыр.