Ақтөбеде облысында оқушылардың 85%-і үйірмемен қамтылды
Балалардың бос уақытын тиімді өткізу – басты назарда. Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мектеп оқушыларын үйірмелермен қамту белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тек Бадамша ауылындағы мектеп-бөбекжай бақшасында 9 спорттық және 5 шығармашылық секция жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде мұндағы 480 баланың басым бөлігі үйірмелермен қамтылған. Ал аудан бойынша оқушылардың 85%-і мектептегі және одан тыс мекемелердегі курстарға барып жүр. Мамандар бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақшы. Себебі үйірмелерге сұраныс көп.
Ақмамық Нұрғалиева, Бадамша мектеп-бөбекжай бақшасы директорының орынбасары:
- Біздің өте көп дарынды балаларымыз бар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 баламыз облыстан 3 гран-при жеңіп алды. Сонымен қатар, бізде өнер мектебі бар, туризм орталығы бар, балалар соған қатысады. Ол аудан бойынша.