Қазақстан Еуроодақпен бірлесіп, Ауған студенттерін қолдайды
Қазақстанның жоғары оқу орындары Еуроодақпен бірлесіп, Ауған студенттеріне білім беру бағдарламасын жалғастырады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Жуырда Брюссельде Орталық Азия мен Еуроодақ мемлекеттерінің Ауғанстан бойынша 3-ші отырысы өтті. Осы басқосу аясында Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Қазақстан гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған міндеттемелерін жүзеге асыратынын жеткізді.
Айбек Смадияров, Қазақстан СІМ ресми өкілі:
- Отандық жоғары оқу орындары Еуроодақ қаржыландыратын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы іске асыратын Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда Ауғанстан студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді қатысуын жалғастыратыны расталды.