Биыл техникалық мамандықтарға грант саны артады

Биыл колледждегі техникалық мамандықтарға бөлінетін грант саны 50 мыңға артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегін техникалық және кәсіптік біліммен, ең алдымен, әлеуметтік осал отбасылардың балалары қамтылады. Металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету салаларына басымдық беріледі. Қазіргі уақытта бұл мамандықтарға қабылданған студенттердің саны 61 мыңға жетті. Сондай-ақ енді кадрларды даярлау кәсіпорындардың өтінімі бойынша жүреді. Бұл түлектерді толығымен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Осы оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент қабылданса, келесі оқу жылында тағы 10 мың талапкерді қамту жоспарлануда.

Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:

- Бүгінгі күні мемлекеттік 410 колледжді 498 кәсіпорындар қамқорлыққа алып, бірлесе жұмыс істеуді бастап кетті. Кәсіпорын өкілдері қамқоршылық кеңестерге кірді, жарақтандыру, студенттерді практикадан, педагогтерді тағылымдамадан үлкен көмектерін жасап бастады. Бүгінгі күні 300 мыңнан аса студент осы тағыламадан кәсіпорын базасында өтті. Және 5 мыңға жуық педагог осы кәсіпорындарда тағыламадан өтіп, жұмыстарын жалғастырып келе жатыр.