IT саланың маман санын арттыруға көңіл бөлінеді

Өңірлерде IT-білім беруді дамыту үшін Tech Orda бағдарламасының алгоритміне арнайы коэффициент енгізілді.

Өйткені жоба аясында аймақтағы мектеп саны Алматы мен Астанаға қарағанда аз екені байқалған. Бірақ шарттар бәріне бірдей. Бұл туралы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев мәлімдеді. Tech Orda жекеменшік мектептерді субсидиялауды және ІТ маман болғысы келетін азаматтарға ваучерлер беруді көздейді. Былтыр бұл бағдарламамен 49 IT-мектепке 3 мыңнан астам білім гранты берілді.

Мағжан Мәдиев, Astana Hub халықаралық ІТ стартаптар технопаркінің директоры:

- 2022 жыл бойынша студенттердің орташа жасы - 25 жас. 40 пайызын әйелдер құрайды. Сондай-ақ студенттердің 60 пайызының IT саласында ешқандай тәжірибесі де, білімі де жоқ. Олар ІТ-ға қызығып, осы салаға ауысқысы келетін жандар. Тек орданың мақсаты 2025 жылға қарай 20 мың жоғары санатты ІТ маман дайындау.