«Қазсат-2» жерсерігі қашанға дейін қызмет етеді?
«Қазсат-2» жерсерігінің қызмет көрсету мерзімі ұзартылды.
Ресейлік құрастырушылардың қорытындысы бойынша байланыс аппараты 2026 жылға дейін жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, бұған оның қазіргі техникалық жағдайы толық мүмкіндік береді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Қазақстанның «Қазсат - 2», «Қазсат - 3» жер серіктері бізден 40 мың шақырым жерде ғарыштық кеңістікте ұшып жүр. Сағатына 3-4 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Осы байланыс апапраттары Ақкөлдегі мына бір орталықтан бақыланады.
Бұл «Қазсат-2», «Қазсат-3» жерсеріктерін басқару кешенінің мониторинг орталығы. Оған 15 оператор қосылған. Телехабар тарату, ақпарат, деректермен алмасу, интернет, телефон байланысының сигналы күні - түні реттеледі.
Дидар Зарқұмов, мониторинг орталығының жетекші инженері:
- Соңғы тәулікте ешқандай өзгерістер болған жоқ. Кедергі жағдайы орын алыпты. Яғни ешқандай жаңа кедергілер болған жоқ. Қарап отырсаңыздар, екі жер станциясы бізде жаңағы ғарыш аппаратына жұмыс істеуге рұқсатнама алды. Қазір қарап отырсаңыздар, міне жұмыс істеп жатыр.
Ал мына залда жерсеріктер басқарылады. Мамандар олардың басқа ғарыш денелерімен соғылып қалмауын, орнынан ауытқып кетпеуін қадағалайды. Мысалы, «Қазсат-2» жерден 140 келі ксенон газымен ұшырылды. Күніне оның 500 граммы жағылады. Биыл байланыс аппаратының қызмет көрсету мерзімі ұзартылды.
Шоқан Свогузов, «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Біз «Қазсат-2» жер серігіне талдау жасадық. Қанша отын қоры қалғанын есептеп шығардық. Құрастырушының қорытындысы бойынша байланыс аппаратының қызмет көрсету мерзімін 2026 жылға дейін ұзарттық.
Ал «Қазсат-3»-тің қызмет ету ресурсы 2029 жылы аяқталады.
«Оның орнына ғарышқа жаңа спутник ұшырылады», - дейді мамандар.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Жандос Битабаров