Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы мектеп заманауи оқу құралдарымен жабдықталды
Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп заманауи оқу құралдарымен жабдықталды.
Мектепте робототехника үйірмесі мен «STEM» зертханасы ашылды. Педагог-логопед, Арт-студио, жаратылыстану, математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы білім беру сынды жалпы 40 сынып жаңартылды. Тігін және кулинарлық шеберхана, ағаш пен метал бұйымдарын жасайтын еңбек шеберханасы жаңа құралдармен, заманауи принтермен толықты. Оқушыларға арналған телестудия, интеллектуалдық орын бар. Бұл «Ауылдық аймақтарда тірек мектептерінің әлеуетін артырудың» қайырымдылық жобасы. Оған «Қазақстан халқына» қоры 250 млн.теңге қаржылай демеушілік жасады. Жоба аясында ұстаздар Назарбаев зияткерлік мектебінде тәжірибелерін шыңдайтын болады.
Алтынай Әлдиева, оқушы:
- Бізде бұндай жаңа технологиялар жоқ болатын. Әсіресе физика, химия сабақтарында биология кабинеттері жаңартылған. Оның ішінде технологиялар ғана емес сонымен қатар білім жағынан да жақсартылып жатыр.
Эльмира Мақашова, Т. Рысқұлов орта мектебінің директоры:
- Біздің ұстаздарымыз көптеген өзгерістерге қуанып жатыр. Өздерінің білімін жетілдіріп, қазіргі заманауи технологиялардың барлығын пәндеріне қолдана алатынына. Зертханалық жұмыстарын оқушылармен бірге бірлесіп жасай алатындығына. Стем лаборотория жабдықталды. Ол жерде де балалар төрт пәнді бірлесіп оқи алады бұдан былай.