Бірқатар облыста сабақ онлайн өтеді
Бүгін Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаңбыр мен көктайғаққа байланысты мектептер қашықтан оқуға көшті.
Нақтырақ айтсақ, Өскемен қаласының, Глубокое ауданының, Күршім ауылының және Ридер қаласының оқушылары сабақты онлайн оқиды. Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Аягөз, Жарма аудандарында да оқушылар қашықтан білім алады. Қостанай облысында да қатты желге байланысты біраз мектепте оқу онлайн түрде өтеді.