ШҚО-ның Ұлан ауданында мектеп ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектеп ашылды.

Кең мектепті жергілікті тұрғындар көптен бері күткен еді.

Осыған дейін аудан орталығында бір ғана мектеп болды. Қалаға жақын кент үшін бұл тым аз еді. Өйткені жыл сайын халық саны артып, жалғыз білім беру мекемесі оқушыларға таршылық ете бастады. Енді бұл мәселенің түйіні шешілді. 320 орындық ғимарат заман талабына сай жабдықталған. 26 сынып бөлмесі, 4 шеберлік кабинеті, заманауи кітапхана мен спорт залы балалар үшін өте қолайлы. Қасым Қайсенов кентінде келесі жылы тағы 600 орындық мектеп  салынады.