Ұстаздар күні енді 5 қазанда тойланады

https://admin.primeminister.kz/assets/media/zaglushka-vtoroy-variant.jpg

Елімізде Мұғалімдер күні енді 5 қазанда тойланады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.