Райымбек ауданы Шәлкөде ауылының мектебіне 100 жыл толды

Ауыл мектебі мұғалімінің біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражат, ауыл баласының сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Құрылғанына ғасыр толған, Алматы облысы Райымбек ауданындағы Шәлкөде орта мектебінің ұжымы мен түлектері осындай пікірде. Осыған орай, бүгін Алматыдағы ұлттық кітапханада «Шәлкөде мектебі – 100 жыл; тарихы, бүгіні мен даму болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бүгінде 400-ге жуық бала оқитын қара шаңырақ 1923 жылы ашылған. Ол кезде бар болғаны 20 бала білім алыпты. Шалғай ауылдағы білім ұясы елімізде алғаш рет математика мен химия пәндерін тереңдетіп оқытқан. Соның арқасында Шәлкөде ауылынан 35 ғалым шықты.

Нұрлан Құлмұхамед, Шәлкөде орта мектебінің түлегі:

– 1955 жылы біз толыққанды айта алатын С. Киров атындағы орта мектеп болдық. Бұл орта мектептің ерекшелігі сол өңірдегі Қарасаз ауылы, ар жағындағы Тұзкөл, бергі жағындағы Көмірші, Қошқар, Талас ауылдарының 8-9 сынып бітірген оқушылары осы Шәлкөде орта мектебінде білім алды.