Қарағанды мектептерінде есепші жетіспей жатыр
Қарағанды мектептерінде есепші жетіспей жатыр.
Салдарынан кейбір білім ордасының ұстаздары айлықтың кешігіп, зейнетақы қорына төлем түспей жатқанын айтып шағымданған.
Қарағандыдағы №74- ші мектеп ұстаздары айлығының ай-сайын бөліп-жарып түсетініне наразы. Ол аздай кейбірінің зейнетақы қорына жылдар бойы салым түспеген. Шағымданайын десе аталған мектеп соңғы уақытта бухгалтерге де жарымай қойыпты.
Лилия Зәрубаева, №74 орта мектептің мұғалімі:
- Қалалық білім бөлімі мұғалім, кіші жұмысшыларға зейнет қорына 2 млн.теңге ақша түспегенін анықтап берді. Ипотекадан басқа көлік ала алмаған ұстаздар бар, жеке ақша тұрмыстық қажеттілік алғанда келеңсіздікке тап болды.
Білім бөлімінің есепшілері болса қаржы қателесіп басқа бағыттарға кеткен дейді. Мысалы кейбірі кәсіподаққа ай-сайын екі мәрте төлем жүргізіп отырған. Мектеп персоналдарының бірнеше рет жасаған шағымнан кейін мұнда уақытша есепші жіберілген. Ол қате кеткен қаржының бәрін қазір реттеп қойыпты.
Елена Рахимова, қалалық білімі бөлімінің бас есепшісінің орынбасары:
- Бізде кадр тапшылығы өте өзекті тұр. Олардың қолына алатын айлығы 90 мың теңге. Ай-сайын ұстаздарға 350-400 мың теңге аударып отырғанын көріп тұрып, аз қаржыға жұмыс істегісі келмейді. Оның үстіне мұғалімдерге айлық республикалық, жергілікті бюджеттен және бірін-бірі алмастыру себепті көптеген есеп-қисаппен келеді. Жұмыс өте ауыр. Көбі шыдай алмай шығып кетеді.
Қалай дегенменде зейнетақы қорына қаржы дұрыс аударылмаған. Мұны салық органдары да растап отыр. Олар аталған шағымды қарап, қалалық білім бөліміне 900 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ал олар болса қазір мектептерге кемі 20 бухгалтер қажет екенін айтады.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар