Астанада оқушылар web-сайт жасап жарысты
Астанада жасөспірім веб-сайт әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға әр өңірден 450-ден астам оқушы қатысып, 4 номинация бойынша өз жұмыстарын жіберген. Олардың арасынан Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды қалаларынан 40 бала іріктеліп, финалға шықты. Елордада өткен байқауда олар жас ерекшеліктері бойынша, «Салауатты өмір салты» және «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасап жарысты. Қазылар оқушылардың еңбегі кәсіби маманның жұмысымен пара-пар дейді.
Айнұр Елмұратқызы, жеңімпаз:
- Мен веб-дизайн программа арқылы жасадым. Ол мен үшін өте қолайлы болды. Веб-дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және графикалық көркемдеу жатады.
Аяжан Мусина, қазыларар алқасының мүшесі:
- Жалпы, Хакатон 2 бөлімнен тұрады. Бірінші онлайн болды. 450 жобадан 150 жоба іріктеліп, оның 40 жоба финалға өтті. Жобаның ішінен 10-ы тіпті кәсіби деңгейде жасалған.