Өскеменде ғылымға бет бұрған оқушылар жобаларын таныстырды
Өскеменде ғылымға бет бұрған оқушылар ерекше жобаларын таныстырды.
Жұмыстарын әділ қазылар алдында қорғап та шықты. Зерек шәкірттер түрлі тақырыпты таңдаған. Солардың ішінде әсіресе мектепке дейін қол моторикасын дамытуға арналған дидактикалық материалдардың маңызы зор. Мәселен, 8 сынып оқушысы Ярослав Заботин өндіріске қажетті механизмнің макетін жасапты. Оның көмегімен уақыт үнемделіп, жұмыс жеңілдейді. Ал Ұлан ауданынан келген алтыншы сынып оқушысы Нұрбол Мантай ақылды бесік жобасын ұсынды. Үздік ғылыми жұмыстардың авторлары арнайы сыйлықпен марапатталады.
Нұрбол Мантай, оқушы:
- Қазіргі уақытта мамалардың қолы бос емес,сол себепті осы бесікті жасап негізі макеті енді, болашақта одан да үлкен жасауға болады. Біздің бесіктер мысалы бір қалыпта тербеліп жатса, 90 градусқа ауыстырылып басқа да қалыпта тербелетін болады.