Астанадағы көрмеде әзербайжан ақыны кітабының тұсаукесері өтті
«Тұранның бір жусаны!». Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде көрнекті әзербайжан ақыны, Алаш әдеби сыйлығының иегері Әкбар Гошалының қазақ тіліне аударылған осы бір туындысының тұсаукесері өтті.
Кітапта түбі бір түркі халықтарының тарихы мен тілі, діні мен мәдениеті баядалады. Сондай-ақ түркітілдес ақындардың мұңы да, сыры да, өмірді түйсінуі мен қабылдауы да аталмыш туындыда көрініс тапқан.
Әкбәр Гошалы, ақын:
- Барша көрермендерге Әзербайжан елінінің атынан сәлем жолдаймын. Бүгін менің еңбегім қазақ тілінде аударылып оқырманға ұсынылды. Әрине барша қазақ бауырларымыз осы кітапты сатып алып оқи алады. Және де барша қазақ бауырларымызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын.