Қазақ жастары Қытай ғарышкерлерімен тілдесті
«Шэньчжоу-15» кемесінің экипажы былтыр күзден бері орбитада жүргендіктен, студенттер мен оқушылар көкейдегі сұрақтарын бейне байланыс арқылы қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндай мүмкіндік Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің жастарына да берілді.
Айта кетейік, тиісті телекөпір елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қытай тарапы ұйытқы болды.
Син Фанфан, Қазақстандағы ҚХР Елшілігінің кеңесші-елшісі:
- Шара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 10 ел мен бақылаушы мәртебесін алған мемлекеттерде өтті. Кейінгі 30 жылда Қытайдың ғарыш саласы елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Жаңажылдық үндеу кезінде Си Цзиньпин ел аумағында ғарыш станциясының құрылысы аяқталғанын жария еткен болатын. Содан бері бірнеше кеме көкке көтерілді. Жалпы, біздің станция әлемнің барлық елдеріне ашық.