Елордада қазақ тілін үйрететін «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
Астанада қазақ тілін үйрететін «Үйде сөйле» аула клубы ашылды.
Жобаға "Ассамблея жастары" қоғамдық бірлестігі бастамашы болды. Енді кез келген жергілікті тұрғын өзіне қолайлы уақытта мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Білікті сала мамандарынан дәріс алып, білімін шыңдай түседі. Айта кеткен жөн, игі жоба Алматы қаласынан бастау алып, бүгінде елордада жалғасын тапты.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мұндай жобалар басқа да облыстарда іске асатыны сөзсіз. Бірінші кезекте жастарымызды, сонымен қатар үйдің тұрғындарын оңай түрде жеткізу, қазақ тілінің кейбір тұстарын қарапайым тілде жеткізу ең басты мақсатымыз. Осындай жобаларды тағы да арттыратын боламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының кейсінде бірқатар жақсы жоба бар. Алда көре жатарсыздар.