Қазақстандықтар АҚШ-та робототехникадан жарыста топ жарды

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен жаһандық робототехника чемпионатында топ жарды.

Жас жеткіншектер беделді үш номинацияны қанжығаға байлады. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері команданың кәсіби біліктілігін жоғары бағалады. Чемпионатқа 110 елден 36 мың бала қатысты. Қазақстан намысын елуге жуық шәкірт қорғады. Құрама осы жылдың ақпан айында өткен ортаазиялық ойындарда құрылған еді.