Жаңаөзен жастары робототехникаға қызығады
Жаңаөзендік оқушылардың робототехникаға қызығушылығы артып келеді.
Қазір 200-ге жуық оқушы арнайы үйірмеге барып, жаңа технологияның қыр-сырын үйреніп жүр. Мұнда олар робот құрастырумен айналысады. Мамандардың айтуынша, жаңа толқынның инновациялық жаңалықтар ашуға қабілеті жоғары. Тек заманауи құрылғылармен жабдықтауды жеделдету керек. Одан бөлек, жастардың спорт пен шығармашылық үйірмелеріне де әуестігі жоғары. Дүбірлі додалардан алған жүлделері де көп. Бір ғана қалалық оқушылар шығармашылық үйінде 96 үйірме бар. Мұнда 5 мыңға жуық оқушы тәрбиеленеді.
Жұмабике Жаманова, жаңаөзен қалалық оқушылар шығармашылық үйінің директоры:
- Олар енді роботтармен жұмыс жасайды. өздерінің компьютерлік бағдарламалары бар, сол бойынша өздерінің бағдарламаларын жасап, соның нұсқасын шығарады. Қазіргі таңда үйірмеде 2-3 маман жұмыс жасайды. Робот тапшылығы қазіргі таңда жетіспейді. Біз оған өзіміз тендер, үсыныстарды беріп қойдық.