Астанадағы білім-инновация қыздар лицейі бірлік мерекесін атап өтті
Астанадағы білім-инновация қыздар лицейіне түсуге биыл 1800-дей өтініші берілген.
Кеше тестілеудің бірінші кезеңі өтті. Енді бұдан сүрінбегенедер 14 мамырда іріктеудің екінші кезеңіне қатысады. Қазір лицейде 600-ден астам оқушы бар. Елордадағы осы лицей бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мен Наурыз мерекесін қоса атап өтті. Жағалай киіз үйлер құрып, мекенің сәнін келтірді. Оқушылар ән шырқап, би биледі. Ұлттық ойындардан жарыс өтті.
Рахым Үркімбаев, қалалық білім-инновация қыздар лицейінің директоры:
- Бұл жылдағы дәстүр бойынша тойланады. Бүкіл сыныптардың ата-аналары өздері ұйымдастырады. Киіз үйлер тігіп, өздері ұйымдастырады. Білім инновация лицейіне қабылдау емтиханы кеше өтті. 1792 қыз тіркелді. соның 88-ін ғана аламыз. Алпыс сұрақтан тұратын тестіміз бар. Оны білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырады.