Алматыда балаларды үйірмеге жазуға арналған портал істен шықты
Алматыда балаларға арналған шығармашылық үйірмелер мен спортық секцияларға өтініш қабылдау басталды.
Енді ата-аналар damubalakz жаңа ақпарттық порталы арқылы 4 пен 17 жас арасындағы балаларын өздері қалаған үйірмеге тіркей алады.
Damubala.kz ақпараттық порталына тіркелу онлайн жүреді. Электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, әр баланың жеке мәліметін толтырған соң үйірме немесе секцияны таңдайсыз. Порталда орталықтар және ондағы жаттықтырушылар туралы мәлімет жазылған. Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау 26 сәуірде басталған еді.
Айгүл Бижанова, балалар орталығының жетекшісі:
- Мен қызмет көрсетуші ретінде көп мүмкіндіктерді көріп отырмын. Біріншіден, ата-аналар электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, өтініш бере алады. Екіншіден, бұрын есеп картасына қол қою қиын болатын. Қазір операторлар жылдам жұмыс істейді. Үшіншіден, өтініш берушілердің кезегі порталда ашық көрсетіліп тұрады.
Биыл Алматыда балалардың үйірме, секцияларын ұйымдастыру үшін 16,2 млрд теңге бөлінген. Әкімдік мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Бұл бағдарламаны іске асыру кезіндегі көптеген кемшіліктің алдын алады,-дейді мамандар. Ал ата-аналар болса, жаңа қызметтің талапқа сай болғанын қалайды.
Жансая Төленді, қала тұрғыны:
- Қадағалау болуы керек деп ойлаймын. Тексерістер, қадағалаулар және де ата-аналардың тарапынан пікірлер жазатын орын болса, бүкіл жерде сондай. 04/08 СКЛ 03/25- Жалпы онда бір емес өте көп салада секциялар бар. Пайдалы деп ойлаймын, себебі ата-аналарға қаржылық жағынан тиімді.
Жаңа платформаны жасау ArtSport бағдарламасының төңірегінде дау шыққан соң қолға алынған. Тексеру барысында Алматыда 2 мыңнан астам бала заңсыз тіркеліп, 5 мыңнан астам сабақтың өткізілмегені анықталған. Бұрын істі болған 13 жаттықтырушы балалармен жұмыс істеуге тартылған. Жалпы, 2,5 млрд теңгеге жалған қызмет көрсетілген. Ал жаңа жүйе ашық болады,-дейді жауаптылар.
Сәуле Жұманова, Damubala.kz ақпараттық жүйесінің өкілі:
- Біздің мақсатымыз ақпараттық жүйені әр қолданушыға түсінікті және ашық көрсету. Порталдағы әрбір операция жалпыға ашық болады. Осы арқылы ата-аналар, балалар мен бақылаушы орган өкілдері электронды қызметтің жұмысын қашықтан бақылай алады.
Бұған дейінгі бағдарламада ата-аналар табельге «келісілді» деп қана белгі қоя салатын. Бұл жолы ата-аналар ай сайын электронды цифрлық қолтаңба арқылы балаларының үйірме немесе секцияларға барып жүргенін растап отырады.
Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов, Мухит Құдықбаев