Болашақ журналистерге арналған «Біріккен ұлт жеңеді» байқауы өтті

«Біріккен ұлт жеңеді».

Бұл үшінші мәрте өткен болашақ журналистер арасындағы халықаралық бейнематериалдар байқауы.

Мақсат - елімізді әлемдік аренада дұрыс насихаттау, жастардың болашаққа сенімі мен елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Биыл конкурсқа шетелдік студенттер де қатысуға ниет білдірген. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, және Чехия студенттері еңбектерін жіберді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.