Қостанай облысында жемқор шенеуніктердің ақшасына үш мектеп салынады
Мемлекет пайдасына тәркіленген сома үш жарым миллиард теңгеден асады.
Қолдау қорынан түсетін қаржы облыс орталығындағы Береке шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысын аяқтауға жұмсалады. Ал жаңа білім ұялары Еңбек және Гурьянов ауылдарында бой көтереді. Бұдан бөлек 2025 жылға дейін аймақта тоғыз мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Білім ошақтарының жалпы сыйымдылығы жеті жарым мың оқушыға шақталған.
Мейрамғали Тайыпов, білім басқармасының бас маманы:
- Биыл Қостанай облысында 142 мектеп жөндеуден өтетін болады. Бұған ақша қарастырылған 5,8 млрд. Бұның ішінде 15-і күрделі жөндеуден және 127 ағымдағы жөндеуден өтеді. «Береке» шағын ауданы мен «Қонай» шағын ауданындағы 900 орындық мектеп аяқтала ма деп жоспарлаудамыз.