Педагогтердің аттестациясына өзгеріс енгізілуі мүмкін
Педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Айтуынша, мұғалімдердің білім-біліктілігін бағалаудың тәртібін өзгерту бағытында, қазір арнайы жұмыс тобы құрылған. Ол мұғалімдердің түрлі блогтар бойынша тапсыратын тестілеу сұрақтарының санын қысқартады ма, әлде ұзартады ма, белгісіз. Жалпы бұған дейін ұстаздарды аттестаттау ежелеріне өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, педагог-сарапшылар үшін 15-тен 12-ге, педагог-зерттеушілерге 18-ден 16-ға, ал педагог-шебер үшін 21-ден 18-ге дейін шекті балл төмендетілген болатын.
Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Мұғалімдердің аттестаттау ережелері осыған дейін де бар. Қолданыстағы ережелер қазіргі күні қызмет үстінде. Біздің министрлік ішінде жұмыс тобы құрылды. Осы аттестаттау ережесіне өзгеріс енгізуге байланысты жұмыс тобы қазір жұмысын жалғастырып жатыр. Әрине бұл жерде мынау Ұлттық тестілеу мәселелері және мұғалімдердің портфолиосына қатысты мәселелері бар. Қазір жұмыс топтары талқылап жатыр. Нақты шешім қабылданған кезде біз сіздерге мұны толық ресми жеткізетін боламыз.