Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады
Маусым айының ортасында Германия Федеративті Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Бұл жөнінде бүгін Берлин Еуразиялық клубының отырысында сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Неміс басшысының сапары аясында білім саласындағы маңызды келісімдер жасалуға тиіс. Нақтырақ айтқанда, Ақтау қаласындағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында Қазақ-Неміс инжиниринг институтын ашу жоспары бар. Жаңа оқу орыны Қазақстан аумағындағы экономикалық және сауда-инвестициялық жобаларды арттыру үшін техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға жол ашады.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
- Бұл әрине ашылуда біздің Президентіміздің тапсырмасы бойынша болып жатыр. Сонымен қатар қазірде Серікбаев университетінің базасында да сондай ғылыми-техникалық университет ашайық деген келісім шарттар жүргізіліп жатыр.