Астанада «Білімді ұрпақ – білімді ел» тақырыбында форум өтті
Шарада білім саласындағы қордаланған мәселелер қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның ішінде ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық пен шалғайдағы елді мекендердегі оқушылардың интернет желісіне қосылу қиындықтары сөз болды. Ал бұл мәселені шешуге болады? Атқарылып жатқан нендей жұмыстар бар?
Наира Досова – 7 сынып оқушысы. Павлодар облысынан келген. Жасөспірімнің арманы – режиссер болу. Мектептегі жаңа телесутудияның көмегімен анимациялық мультфильм түсіріп те үлгеріпті. Ал бұл студия – «Қазақстан халқына» қорының көмегі.
Наира Досова, оқушы:
- Балалар көбінесе шет тілінде сөйлейтінін байқадық. Сондықтан мультфильм арқылы оқушылардың бойынша салт-дәстүрді дәріптейтін отандық мультфильмдердің маңызы зор деп санадық. Енді бұл мультфильмдегі мақсатымыз – ондағы әр кейіпкерді қазақша сөйлету.
Оқушының ынтасы болса, мемлекет те жан-жақты қолдауға әзір. 2025 жылға дейін 5 мыңнан астам мектеп жөнделетін болса, ондағы химия, биология, физика кабинеттері, заманауи техникамен жабдықталады. Үкімет, қала мен ауыл мектебі арасындағы білім сапасының алшақтығын осылай теңестірмек.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Қазақстан халқына қоры әлеуметтік маңызды мәселелерге көңіл аударып жатыр. Соның ішінде білім беру, бұл салада қордаланып қалған проблемалар бар. Сонымен бірге ауылдағы мектептерге жаңадан кабинеттер ашу, физика, басқа да лаборотория. Білімнің сапасын қалай арттырамыз, қазіргі уақытта үш аусымды мектептер бар, апатты жағдайдағы мектептер бар, соларды қалай шешу керек екенін, біз бекітілген жоспарды, атқарылып жатқан жұмыстарды осы конференция қатысушыларына жеткіздік. Оны жоспарлы түрде жасайтын боламыз.
Білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі – жылдам, әрі жоғары сапалы интернет. Бүгінде ауылдық жерлердегі 3000-ға жуық мектепте интернет сапасы нашар. Халықаралық стандарт бойынша оның жылдамдығы секундына 20 мегабит болу керек. Ал елдегі білім ордаларының басым бөлігінде 4-тен 8-ге дейін ғана. Енді бұл мәселені шешуге «Қазақстан халқына» қоры көмек бермек.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бұған дейін жылдың басында жылдам интернетпен қамтылған мектептердің саны 19% болса, Цифрлы министрлікпен бірлесе Оқу-ағарту министрлігінің жасаған жұмысы нәтижесінде біз оны 50%-ке дейін жеткізіп отырмыз. Осы қыркүйек айына дейін 55-60%-ке дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Цифрлық білімді қолдауға қатысты Қазақстан халқына қоры өз тарапынан үлесін қосып жатыр. Бұл – енді пилоттық жобада әзір жасалып жатқан дүние. Түгелдей Қазақстан мектептерін қамту келесі жыл күзден, қыркүйек айынан басталады. Бірақ интернетпен қамту мәселесі ол келесі жылдың емес, 2027 жылдарға дейін аяқталуы тиіс.
«Қазақстан халқына» қоры білім беру саласынадағы қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, оған 37 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл істі әрмен қарай да жалғастыра береді. Сөйтіп, алдағы уақытта тағы бірқатар білім ошағының оқушылары, жаңа технологиялы кабинеттің игілігін көреді.
Руслан Сайлаубаев, форумға қатысушы:
- Ауыл мектептеріндегі әлеуетті дамыту жобасына енгенімізге қуаныштымыз. Ауыл мектептерінің материалдық базасын модернизациялау бұл ауылдың оқушыларының білім сапасын арттыруына үлкен мүмкінді және қолдау деп есептеймін.
«Қазақстан халқына» қорына құрылғалы бері 155 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Қазір қор ауыр және сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастардың еміне қаржылай көмек көрсетіп жүр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіретін бағдарламаларды іске асырып келеді.
Авторлары: Альмира Оразбай, Ерлан Наурызбаев.