Елімізде соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді
Биыл елде 172 мың түлек мектеп бітіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 7 мыңға жуығы – «Алтын белгіге» үміткер. Оқу жылының аяқталуына қатысты салтанатты шара 1 маусымда өтеді. Аттестатты табыстау 20-22 маусым аралығына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ биыл 9-сынып оқушылары 4 пәннен емтихан тапсырады. Ол 2-13 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып түлектері үшін емтихан 5-19 маусымда болады.
Жазғы демалыста оқушылар үшін 11 мың үйірме жұмыс істейді. 3 млн-ға жуық бала лагерьде демалады.