Ел бойынша 3,7 млн оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін ел бойынша 3 миллион 700 мыңнан астам жеткіншек оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылдыққа барлығы 7 687 мектеп жұмыс істеді. Оның 31,6%-і қалада, қалған - 68,4%-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы соңғы 10 жылда шаһарлардағы мектептер саны 536-ға артты. Ал елді мекендердегі білім ошақтарының саны, керісінше, 570-ге азайған.