Оқу-ағарту министрі елордадағы мектептің соңғы қоңырауына қатысты
Ел тарихында алғаш рет оқу жылы 36 аптаға созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл 172 мың бала 11-сыныпты аяқтады. Оның 6800-і – «Алтын белгіге» үміткер. Ал Елордадағы №8 мектепті 1725 оқушы бітірді. Мұндағы оқу ордасының соңғы қоңырауына Оқу-ағарту министрі қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Ғани Бейсембаев келесі оқу жылындағы өзгерістердің қарастырылып жатқанын жеткізді.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Сарапшылар қауымдастығының жауабын күтетін боламыз. Келесі оқу жылында өзгерістер бола ма, жоқ па – әлі нақты белгісіз. Ол белгілі болмай, ештеңе айта алмаймын. Себебі мәселені қайта қарап, қауымдастықпен кеңес өткізуіміз керек.