Шетелдік алты жоғарғы оқу орынының филиалдары ашылады
Таяуда шетелдік 6 жоғарғы оқу орыны елде өз филиалын ашады.
Бұл туралы СИНКУА ((CEENQA)) Бас Ассамблеясының халықаралық форумында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл жоғары білім сапасын арттырып қана қоймай, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды ескере отырып, қолданыстағы оқыту жүйесіне өзгеріс әкеледі.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Осылайша елімізде шетелдік университеттердің 10 филиалы жұмыс істейтін болады. Рейтинг бойынша ең танымалы "Хериот Ватт" университеті, ол Ақтөбеде орналасады. Өскеменде "Тяньцзинь" университетінің филиалы ашылады. Ал Таразда Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен серіктестік негізінде жаңа бағдарлама құрамыз. Алматыда Ташкент ирригациялық инженерлер университетінің, ал Ақтауда неміс инженерлік институының филиалы ашылады.