Алматыда FEMO International олимпиадасы өтіп жатыр
Алматыда FEMO International халықаралық олимпиадасы өтіп жатыр.
Биыл оған есту қабілеті нашар балалар да қатысуға мүмкіндік алды. Байқау шарттарын арнайы мамандар түсіндіреді. Олимпиада 1-5 сынып оқушыларына арналған. Оған қатысуға әлемнің 16 елінен 3 мыңнан бала ниет білдірген. Соның 400-ге жуығы іріктеу кезеңінен өтті. Алматыға Тәжікстан Грузия, Германия елдерінен шәкірттер арнайы келді. Ал оннан аса мемлекеттің қатысушылары байқауға қашықтан қатысып жатыр. Осыған орай есеп шарттары бірнеше тілге аударылды. Байқау 3 күн жалғасады. Жеңімпаздарға арнайы дипломмен қоса бағалы сыйлықтар табысталады.
Светлана Нордгеймер /Германия/:
- Біз Германиядан 3 бала алып келдік. Олардың біреуінің есту қабілеті нашар. Оған сурдоаудармашы көмектеседі. Яғни есеп шарттарын балаға өзінің тілінде түсіндіріп береді. Бұл байқау осы балақайлардың математикаға деген қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын. Сонша жерден келіп, қатысып жатқаныма қуаныштымыз. Балалар сіздердің елмен танысып қайтады.