Павлодарда «Жас құтқарушы» слёті өтіп жатыр
Ертіс өңірінде «Жас құтқарушы» слёті өтіп жатыр.
Павлодар қаласының ор-талық жағалауына, облыстың қала-аудандарынан мектеп оқушылары жиналды. Шараның мақсаты – жеткіншектер арасында, салауатты және, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дәл қазір әріпесім Ақмарал Есімханова слёттің ортасында тұр. Ақмарал, қайырлы күн! Шараны өткізудің, маңызды екені түсінікті. Ал жастар мұны, қаншалықты ұғынып жатыр?
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Қайырлы күн, әріптестер! «Жас құтқарушы» слёті дәстүрге айналған шара. Десе де, биыл ауқымды көлемде өтіп жатыр. Шараны ұйымдастыруға жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұрындық болған.
- Бүгін Павлодардың орталық жағажайына жүзден астам оқушы жиналды. Олардың барлығы оқыс оқиға кезінде алғашқы көмек көрсету, су айдындарында құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шеберліктерін көрсетті. Осы байқауға қатысуға ниет білдірген жеткіншектердің саны жыл сайын артып отыр. Өткен жылы олардың саны айтарлықтай аз болған. Мамандардың айтуынша, балалардың қызығушылығы жоғары. Себебі өткен жылдан бері мектептердің жанынан «Жас құтқарушы» үйірмелері ашылған. Бас-аяғы 200 клуб жұмыс істейді. Оқу жылы кезінде үйірмелерге екі мыңға жуық ұл-қыз адам құтқару дағдыларын меңгеріп алған. Тікелей эфирге дейін біз сала мамандарымен балалар қауіпсіздігі турасында әңгімелесіп көрген едік. Тыңдап көрсек.
Серік Шериязданов, облыстық жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:
Айбын Кенжебек, жас құтқарушы:
- Мамандардың пайымдауынша, осы тектес шаралардың маңызы өте зор. Мәселен, соңғы жылдары аймақта суға кеткендер саны үш есе азайған. Былтырғы шомылу маусымында сегіз адам көз жұмған. Ал салыстырмалы кезеңде 26 адам ажал құшты. Өңірде шомылу маусымы ресми түрде 10 маусымда ашылды. Жазда 42 шомылу орны жұмыс істейді.