Жамбылдық оқушы «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты
Жамбылдық оқушы вай-файмен басқарылатын "Ақылды үй" жобасын ойлап тапты.
Елубай есімді меркілік жас өнертапқыш заманауи үйді телефон арқылы басқаруға болатынын айтады. Баспана шатырдағы күн панельдері арқылы жарық пен жылу алады. Ол бүгінде өзі жасаған заманауи үйдің бағдарламасын жетілдіріп жүр. Алдағы уақытта барлық есік-терезе, едені мен шатыры, тіпті жиһазына дейін телефон арқылы басқарылмақ. Ол осы мақсатта "Өркен" шығармашылық орталығында тынбай еңбектенуде. Ал "Үміт" оқушылар сарайының шәкірттері суретке сәуле түсіру арқылы мультфильм жасайды. Жеткіншектер бір жыл ішінде екі ертегіден үш тілде мультфильм жасаған. 13 жастағы Аслан бала кезінен анимациямен айналысуды армандайды. Қатарластарының басын қосқан ауыл баласы кенжелеп қалған саланы дамытқысы келеді. Жас аниматорлар осы жылы жеті қазақ ертегісін мультипликация тілінде сөйлетпек.
Елубай Есімхан, жас өнертапқыш:
- Wi-Fi арқылы осы датчикке кіреміз де, осы бір тетік арқылы жарығын өз қолымыз өшіріп, қоса аламыз және мына сыртта тұрған қақпаны осы телефон арқылы басқарып, ашып, жаба аламыз.
- Тоғайда жүрген қоян барлық жануарлардан көмек сұрап шығады.
Аслан Жапсархан, жас аниматор:
- Мультфильм жасау оңай емес. Біреу сурет салады, біреуі даусын келтіреді, монтаждайды. Кино түсіруден де қиын мультфильм. Бір мультфильм жасауға 4-5 айдай кетеді.