Қазақстандық баспагерлерге қолдау қажет
Әлемдегі балалар әдебиетінің ең үздік үлгілерін аударып, басумен айналысатын еліміздегі тәуелсіз баспагерлерге қолдау қажет.
Түркістанда өткен алқалы жиында баяндама жасаған Ұлттық құрылтай мүшесі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі кітап нарығын реттеуді ұсынды. Мәжіліс депутатының айтуынша, тәуелсіз баспагерлер өздерінің басып шығарған кітаптарын қалада ғана болмаса, ауылды жерде өткізе алмайды. Себебі сатылым нүктелері заңмен бекітілмеген. «Соның салдарынан ауыл балаларының шетел жазушыларының озық шығармаларымен танысып, сусындап өсуіне мүмкіндіктері жоқ»,-дейді. Сондықтан Ұлттық құрылтай мүшесі тәуелсіз баспагерлерге субсидия беруді заңмен бекіту қажет екенін айтады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі:
- Мемлекет басшысы соңғы 3 жылда қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайтуға байлансты міндет қойды. Сол міндетті орындауда осы кітап нарығын реттеу, әлемдегі ең үздік балалар әдебиетін ауылдарға дейін жеткізу. Ауыл баласына қолжетімді етуде біз тәуелсіз осындай баспагерлерге субцидия бөлу, оларға жеңілдетілген несиелер қарастыру және салықта жеңілдік қарастыру қажет деп ойлаймыз. Үкіметпен бұл мәселені аяғына дейін жүзеге асыруға әзірміз.