Ұлттық ғылым академиясына білікті ғалымдар қажет
Ұлттық ғылым академиясына білікті әрі жас ғалымдар қажет.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұйым жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды көздейді. Мәселен, бүгін академия жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлар кеңесімен, сондай-ақ Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы екі бірдей келісімге қол қойды. Бұл меморандум ғылыми-инновациялық қызметті кеңейтуге, жоғары оқу орындарында ғылыми экожүйені нығайтуды, білім және өндіріс арасындағы интеграцияны дамытуды көздейді.
Ерлан Сыдықов, Л.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:
- Ең басты рольді атқаратын кімдер? Ғалымдар. Олардың көпшілігі университеттерде. Оларға академиядан тыс қалуға болмайды. Сондықтан Ғылым академиясы университеттерге келу керек. Жұмыс істеп, оларды өзіне қарай тарту, ынталандыру керек. Және олардың жасап жатқан лабораторияларымен таныс болып, қондырғыларды алуға, оған қаржы бөлуге, көмектесуге, шетелдік әріптестермен байланыстыруға ықпалын тигізу керек. Сондықтан бұл меморандумның ролі өте жоғары деп білемін.