Білім беру саласында жемқорлық көбейген

Кейінгі жылдары білім беру саласында жемқорлық фактісі көбейген.

3 жылда 11 миллиард теңгеге жуық ақша ұрланып, 143 адам сотталды. Оның 5 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылыпты. Жетісу облысында 2 жарым жыл қатарынан мектеп басшысы мен екі бухгалтер 4,4 миллиард теңгені заңсыз алып келген. Ең ірі жымқыру фактілері Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарында тіркелді. Мектеп басшылары мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға, туыстары мен жақындарына жалақы аударып отырған. Аталған фактілер бойынша бүгін ведомствоаралық кеңесте талдау қорытындысы шықты.

Нұрдәулет Сәмет, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау басқармасының басшысы:

Талдау объектісі ретінде жалпы барлық білім беру басқармалары жатқызылды. Оқу-ағарту министрінің қызметі жатқызылды. Нәтижесінде Талдықорған қаласында анықталған қылмыс секілді, қылмыстар басқада облыста, аймақтарда көп орын алғаны анықталды.