Елімізде этносаясаттанушы мамандар даярланып шықты
Елімізде алғаш рет «этносаясаттанушы» мамандар даярланып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін Еуразия Ұлттық университетінде Этносаясат саласын меңгерген алғашқы 4 магистр дипломын қолына алды. 2021 жылы Орталық Азияда тұңғыш рет осы оқу ордасында «Этносаясаттану» білім беру бағдарламасы іске қосылған болатын. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен болашақта докторантура деңгейі іске қосылмақ. Аталған саланы жан-жақты зерттейтін сарапшылар ұлтаралық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етпек.
Бағыш Ғабдуллина, саясаттану кафедрасының меңгерушісі:
- Жалпы этносаясаттану комитетінің ұсынысымен осы докторантура деңгейінде білім бағдарламасы іске қосылып жатыр. Этносаясаттану атты білім беру бағдарламасыныңы іске қосылу себебі заман талабы, сұранысқа орай, әсіресе ірі жұмыс берушілердің сұранысы болды. Осы білім бағдарламасы іске қосылып, даярланды.
Нұрбол Самат, этносаясаттану магистрі:
- Осы мамандыққа түсуге шешім шығардым. Неге десеңіз, біздің еліміз – көпұлтты мемлекет. Өзге ұлттар бар. Осы тақырып өте қызықты. Болашақта бір тақырыпты басқа жағынан қарастырғым келіп отыр. Тарихты зерттегім келеді.