Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланды

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мың грант бөлінді.

Президент тапсырмасы бойынша гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Сонымен инженерлік өңдеу өнеркәсібі құрылыс салаларына – 18 мың 700-ден аса, педагогикалық ғылымдарға – 12 мың 560, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға - 10 103, жаратылыстану, математика және статистикаға 7 мыңнан астам грант бөлінді. Толық тізім Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды.