Солтүстікте 17 мектеп аттестациядан өтпей қалды

Солтүстік Қазақстан облысында 10 балабақша мен 17 мектеп жыл сайынғы аттестациядан өтпей қалды.

Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, сыннан сүрінген ұйымдарда мемлекеттік стандарттар сақталмаған. Мысалы, кейбір мектептерде «ерекше» балаларға жағдай жасалмаған, инклюзивті оқу бағдарламасы бекітілмеген. Сонымен қатар кейбір мұғалімдердің өзіне тиесілі емес пәндерден сабақ бергені анықталды. Енді оларға тексеруші мамандармен тиісті нұсқау таратылды.

Алёна Мальгаева, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі:

-Бұл білім беру ұйымдары жұмыс жоспарын құрып, анықталған кемшіліктерді жаңа оқу жылына дейін түзетуі тиіс. Оның қорытындысы бойынша тағы да тексеріс жүргізіледі. Бүгінгі таңда 48 мекемеде екінші аттестациялау болды. Екі мектеп қайтадан өтпей қалды.