Астанада ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Комиссия мүшелері биылғы сыйлықтарды алуға ұсынылған 13 жұмысты, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін қарады. Сондай-ақ медицина мен денсаулық сақтау, инжиниринг және технология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылық ғылымдары секциялары бойынша жасалған сараптамалық-талдамалық ұсыныстармен танысты. Комиссия шешімімен іріктеудің екінші кезеңіне 8 жұмыс жіберілді.