Елде ғылым саласындағы қызмет көлемі артты
Елде ғылыми зерттеу саласындағы қызмет көлемі 24 миллиард теңгеден асты.
Бұл өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2 есеге көп. Зерттеулердің негізгі көлемі Алматы мен Астана қалаларына тиесілі. Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ғылыми жұмыстарға, жалпы 1 миллиардтан астам қаражат жұмсалды. Қызметтің негізгі көлемі биотехнология, құрылыс, автомобиль жолдарын салу саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелерге жұмсалады.
Ғылым саласындағы қызмет көлемі:
Алматы қаласы 10,1 млрд теңге
Астана қаласы 6,7 млрд теңге
Маңғыстау облысы 1,5 млрд теңге
ШҚО 1,3 млрд теңге
Қарағанды облысы 1,1 млрд теңге
Абай облысы 1,1 млрд теңге