Атырауда 15 мың бала 1-сыныпқа барады

Атырауда биыл 15 мың бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде 1-сыныпқа баратын 14 мыңға жуық оқушының құжаты қабылданды. Қалада білім ордасының тапшылығы байқалады. Бүгінде облыс орталығында 11 мектептің оқушылары 3 ауысыммен оқиды. Жауаптылар мәселе біртіндеп реттеледі дейді. Себебі қазірдің өзінде халық тығыз орналасқан Нұрсая және Сарыарқа ықшам аудандарындағы балаларды жаңа ғимаратқа көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ биыл пайдалануға берілетін жаңа білім ошақтарына да оқушылар орналастырылады.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін өңірде 48 мектеп бой көтереді.

Айнагүл Дүйсекенова, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Жаңа мектеп құрылыстарын беру арқылы 3 ауысымдық мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Жыл ішінде пайдалануға берілетін Жұлдыз ықшам ауданындағы және басқа да мөлтек аудандардағы салынып жатқан мектеп құрылыстары жоспарға сай біткеннен кейін сол жердегі балалар сол мектептерге ауыстырылатын болады.