ІІМ академиясына курсанттар қабылданды
Ішкі істер министрлігі академияларына курсанттар қабылданды. Биыл 800 орын бөлінген болатын.
Алайда Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500 талапкер қатысты. Сондай-ақ конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 «Алтын белгі”»иегері мен ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің 3 баласы бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру бағдарламасының тізбесі биыл кеңейтілді. Енді оқыту процесі жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, ІТ-криминалистикалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі.
Айдос Жұманазар, комиссия мүшесі:
- Емтихан кезіндегі адалдық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүкіл шаралардың барлығы тікелей эфирде, бізде комиссия мүшесі ретінде көптеген қоғам белсенділері де, бұл салаға қатысы жоқ басқа сырттан адамдар да шақырылған