Үкіметте балалар қауіпсіздігі мәселесі қаралды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі, мектептердегі санитария және сауықтыру лагерлерін құру жөніндегі жұмыстардың қортындылары бойынша жиын өтті.
Вице-премьер бұл мәселелердің ерекше бақылауда екенін және Үкімет тарапынан тұрақты қаралатынын атап өтті. Мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай алгоритмі мен бейнекамераларды тексеру жұмыстары жан-жақты пысықталды. Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктеріне білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуді тапсырды. Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеу тапсырылды.