Солтүстіктегі колледждерде тұрған техника қаншалықты ескірген?
Ауыл шаруашылығы саласына мамандарды дайындайтын кейбір колледждердегі техника ескі.
Ал кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жаңа құрал-жабдықпен жұмыс істейді. Бұл мәселе кадрлардың сапасына қалай әсер етеді?
Шағалалы аулындағы жоғары агротехникалық колледжінде 400-ден астам жуық студент білім алады. 11 мамандық бойынша даярланатын жастар аграрлық сала үшін ауадай қажет. Қордаланған мәселелердің бірі - болашақ механизаторларды оқытып-үйрететін техника паркі едәуір ескірген. Мысалы, трактор және комбайн он жыл бұрын алынған. Ал «Кировец» үлкен тракторы жиі сынып қалады екен. Бірақ, бұл студенттердің білім сапасымен дайындығына әсер етпейді, дейді оқытушылар.
Арман Оспанов, колледж директоры:
- Техниканың жағдайы жаман емес. Өзіміздің 300 гектардай егін алқаптарымыз бар. Сонда осы техникамен жұмыс істейміз. Ескі техникаға байланысты жетіспеушіліктерді дуалды оқыту және әлеуметтік серіктестестік арқылы шешеміз. Біздің студенттер ауылдағы ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында практикалық сабақтарға барады, сол жерден тағылымдама өтіп, бастапқы тәжірибе жинайды. Ол жерде жаңа және заманауи техника бар. Сондықтан студенттердің дайындық деңгейі жақсы. Оған дәлел колледж түлектерінің 70 пайыздан астам жұмысқа орналасуы.
Ал Красный Яр ауылындағы колледжінде жағдай керісінше. Бұл жерде студенттер судай жаңа техникамен жұмыс істейді. 2021 жылы «Жас маман» жобасы аясында оқу орнына шетелде шығарылған заманауи комбайн және екі трактор алынған.
Владимир Ларин, колледж директорының м.а:
- Жаңа техникамен үйрену студенттерге бірқатар артықшылықтарды береді. Жаңа техникада электроникалық бөлшектері көп және компьютерлеуі жоғары. Оны меңгеру үшін біраз уақыт керек. Ал біздің шәкірттер, техниканың негіздеріннен бастап бәрін колледжде үйренеді. Соңдықтан ертең оларға жұмыста оңай болады. Әлбетте студенттер кәсіпорындармен шаруашылықтардан практика өтеді. Бірақ заманауи техникамен жұмыс істеу негіздерін колледжде үйретеміз.
Өңірде ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын 16 колледж бар. Олардың көбісі соңғы төрт жылда жаңа техника және құралдармен жабдықталған. Аграрлық сала үшін мамандарды дайындауға кәсіпорындар мен шаруашылықтар да атсалысады екен.
Шоқан Оразалин, білім басқармасының басшысы:
- Болашақ кадрларды дайындауға тек колледждің ғана күші жұмсалмайды. Біздің серіктестіктеріміз бар, сосын жұмыс берушілеріміз бар. Бес колледжіміз ауыл шаруашылық техникасын алған болса, «Жас маман» бағдарламасымен. Бұл жерлерде компетенциялық орталықтар ашылған. Басқа колледждардан бағдарламаға ілікпеген колледждер осы колледждерге келіп, компетенциялық центрлерде білім ала алады және практика өтеді.
Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу оңайға соқпайды, дейді колледж басшылары. Өйткені жаңа комбайнмен тракторларға баға шарықтап тұр. Ол үшін жүздеген миллион қаржы қажет. Сондықтан оқу орындарын жаңа техникамен қамтамасыз ету бюджет есебінен қаражат бөлінуіне немесе «Жас маман» жобасына байланысты.
Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный