Астанадағы мектеп асханаларында нақты мәзір ұсыну шарты орындалмаған
Астанадағы бірқатар мектеп асханасында әкімшілік талап орындалмаған.
Былтыр оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру ережесіне нақты мәзір ұсыну шарты енгізілген еді. Алайда қала әкімдігі бұл шартты елемей, 20-ға жуық байқауды тиісті құжатсыз жүргізген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады. Осылайша, қызмет көрсетушілерге қысым жасаудың тәуекелі туындаған, дейді. Жалпы жыл басынан бері 22 мыңнан астам кәсіпкердің мүддесі қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік кедергіге қатысты 450-ге жуық мәселені шешкен. Олардың дені рұқсат құжаттарын ұсынуға қатысты болыпты.